ҰЛТТЫҚ ТАҒАМДАР КӨРМЕСІ ӨТТІ

Бүгін аудандық «Арай» мәдениет үйінде облыстық «Сыбаға» фестивалінің «Береке» күні аясында ұлттық тағамдар мен ұлттық өнімдер көрмесі ұйымдастырылды.
Көрменің негізгі мақсаты – халқымыздың ұмытылып бара жатқан ұлттық тағамдарын насихаттау, олардың күнделікті тұрмыста пайдаланып ас мәзіріне қосу болып табылады.
Аталған көрмеге аудан орталығы мен ауылдық округтерден 10-нан астам кәсіпкер қатысты. Олар аталған көрмеге күнделікті тұрмыста ұмыт болып бара жатқан, көп қолданылмай кеткен ұлттық тағам түрлерін ұсынып, көпшіліктің қығызушылығын тудырды.
Шараға арнайы қатысқан аудан әкімі Н.Қызбергенов «Сыбаға» фестивалінің маңыздылығын атап өтіп, үлгілі үрдісті жалғастыруға шақырды.