Дауыс беруге кедергі жоқ:мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қандай жағдай жасалған?

Ырғыз ауданында 23 тамызда өтетін Құрылтай депутаттарының сайлауына дайындық аясында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың дауыс беруіне ерекше көңіл бөлінуде. Сайлау учаскелері арнайы құралдармен жабдықталып, тұрғындарға ақпараттық қолдау көрсету үшін «109» колл-орталығы іске қосылған. Дайындық жұмыстары жөнінде аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Болат Итібаев әңгімелейді.
Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың дауыс беруіне қандай жағдайлар жасалған?
Ауданда мүмкіндігі шектеулі дауыс беретін 24 азамат тұрады, олардың ішінде 6 адам мүгедек арбасын пайдаланады, 9 адам есту қабілеті бойынша мүгедектігі бар, 9 адамда көру қабілетінің бұзылуы бар.
Сайлау өтетін барлық учаскелер әртүрлі санаттағы азаматтардың қажеттіліктерін ескере отырып бейімделген. Олар ғимараттардың бірінші қабаттарында орналасқан, шақыру батырмалары, пандустармен және тактильді нұсқағыштармен жабдықталған. Учаскелерде көзі көрмейтіндерге арналған арнайы трафареттер, мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған бұрыштар, компьютерлер, құлаққаптар және үлкейткіш құрылғылар қарастырылған.
«109» колл-орталығы сайлаушыларға қандай көмек көрсетеді?
Аудан бойынша «109» колл-орталығы жұмыс жасайды. Орталық қызметкерлері оқудан өтті. Тұрғындар нақты ақпарат ала алуы үшін сайлау процесінің мәселелері бойынша түсініктемелер дайындалады.