23 тамыздағы Құрылтай сайлауы – ел дамуына жауапты таңдау

Құрылтайға делегаттарды сайлау – қоғамның белсенді азаматтарына үлкен жауапкершілік жүктейтін маңызды үдеріс. Бұл сайлау арқылы өңірлердің пікірін жеткізетін, елдің өзекті мәселелерін көтеретін азаматтар анықталатыны сөзсіз. Сондықтан әрбір кандидаттың біліміне, тәжірибесіне және ел мүддесіне адалдығына мән беру біз үшін өте маңызды.
Жас буын өкілі ретінде Құрылтай жұмысына белсенді, жаңашыл ойлайтын, халықтың ұсынысын нақты жеткізе алатын азаматтардың сайланғанын қалаймын. Өйткені Құрылтай – тек пікір алмасатын алаң ғана емес, елдің болашағына ықпал ететін маңызды бастамалар талқыланатын орта.
23 тамыздағы Құрылтай сайлауы – қоғам сенімін ақтайтын тұлғаларды таңдауға мүмкіндік беретін маңызды қадам. Елдің дамуына бейжай қарамайтын, ұлттық құндылықтарды дәріптейтін және жастардың үнін жеткізе алатын өкілдердің көп болғаны – біздің ортақ мақсатымыз. Осындай азаматтар арқылы Құрылтайдың жұмысы нәтижелі болып, еліміздің өркендеуіне жаңа серпін береді деп сенемін.

Жомарт Айшолпан
Құйлыс жалпы білім беретін орта мектебінің директоры