Облыстық “Сыбаға” фестивалі жалғасуда

Облыстық “Сыбаға” фестивалі аясында “Салбурын” күніне орай Ырғыз ауданында “Шырға тарту” тазылар жарысы және садақ ату жарысы өтті. “Шырға тарту” тазылар бәсекелесінде I-орынды Жантілеу Ақжүректің”Дәуқара”атты тазысы, II-орын Жаңалықұлы Нұржанның “Қарауыз” атты тазысына бұйырды. Садақ атудан ерлер арасынан Мағжан Нұрланұлы, Еркебұлан Таласбай, Нұрболат Отарбай, әйелдер арасындағы садақ атудағы бәсекелестікте Ақниет Айтуарова, Даяна Данабай, Анаргүл Болат жүлделі орындардан көрінді.