«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына сәйкес аудандық «Ырғыз» газетінде тіркелген саяси партияларға баспасөз бетінен орын беру төлемінің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы ЕРЕЖЕ

1. Сайлау алдындағы үгіттік материалдарын орналастыру қара-ақ түсті орындауда

    1 шаршы см құны — 420 теңге ҚҚС қоса алғанда.

2. Үгіттік материалдарын орналастыру түрлі-түсті орындауда 1 шаршы см құны 650 теңге ҚҚС қоса алғанда

3. Үгіттік материалдарын газеттер сайттарында орналастыру құны – жалпы сомадан 50%.

Аудандық «Ырғыз» газетінің таралымы –1200 дана.

Газеттің шығу жиілігі аптасына 1рет

Сейсенбі күні —  А3 форматта;

4. Тіркелген саяси партияларға ұсынылатын мәтіндік, фото және т.б. материалына өтініш-хатпен бірге өз қолымен (әр бетке) немесе сайлауалды үгіт құжаттарына қол қою құқығына саяси партияның сенімхаты бар тұлғаның қолы қойылады. Жоғарыда көрсетілген шарттар орындалмаған жағдайда материал газеттің таяудағы шығарылымында жарияланымнан алынып тасталады.

5. Үгіттік материалдарын газет беттерінде орналастыру «Ырғыз» газетінің  қалауы бойынша жүзеге асырылады.

6. Үгіттік материалдарын газеттерде жариялау үшін күтілетін жарияланым күніне дейін

3 (үш күн) күнтізбелік күннен кешіктірілмей ұсынылуы тиіс.

7. Мақалалар WORD форматында, фотосуреттер jpeg форматында қабылданады.

8. Жасалған шарт бойынша «Ырғыз» газетінде орналастырылған үгіттік материалдары үшін ақы төлеу ұсынылған шоттың негізінде, берілген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

9. Үгіттік материалдарды газетке орналастыру үшін қабылдау 2026 жылғы 23 шілдеден  бастап 2026 жылғы 18 тамызы күнгі сағат 12.00-ге дейін жүзеге асырылады.

       Р.S. Осы шарттарға Орталық сайлау комиссиясы түсіндірмелеріне сәйкес қосымшалар, өзгерістер енгізілуі мүмкін.

Мекен-жайымыз: Ырғыз ауданы, А.Иманов көшесі 1.

                                                                                                                                    «Үркер» ЖШС-і