«Таза Қазақстан» Президент бастамасы Конституцияда белгіленген негізгі қағидат ретінде жүзеге асырылып жатыр — Олжас Бектенов

Отырысқа қатысушылардың назары әлемдік тәжірибеге аударылды. Мәселен, Германия мен Жапонияда металлургиялық және химиялық зауыттардан артық жылу атмосфераға шығарылмастан жылу сорғыларымен алынып, жақын маңдағы тұрғын аудандарды жылытуға жіберіледі. Еуропаның көптеген елдерінде жаңа ғимараттарды салу кезінде аса герметикалық жылу оқшаулау, энергияны үнемдейтін терезелер және ауаны қалпына келтіру жүйелері қолданылады.

«Мемлекет басшысы Үкімет алдына 2029 жылға қарай экономиканың энергия тұтынуы мен энергия сыйымдылығын 15 %-ға төмендету міндетін қойды. Өнеркәсіптің барлық субъектілері энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі өздерінің іс-шаралар жоспарларын бекітуге тиіс. Бір апта мерзімде Ақмола, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе және Қызылорда облыстарының, Астана қаласының әкімдіктері тиісті Жол карталарын бекітуі қажет. Өнеркәсіп министрлігі бұл мәселені ерекше бақылауда ұстауы қажет», — деді Премьер-министр