«Бірге таза Қазақстан» экологиялық акциясы

Акцияның мақсаты – өңірлердің экологиялық жағдайын жақсартуда ел халқын біріктіру.

Жалпы ұлттық “Таза Қазақстан ” Республикалық акциясы еліміздің барлық аймақтарында жалғасын тауып келеді. Бұл шараға ерікті жандар да қатыса алады. Басты мақсат-қоршаған ортаны қорғап, экологиялық мәдениет қалыптастыру болып табылады. Аталған акцияға Ырғыз ауданы бойынша да барлық мекеме, кәсіпорын қызметкерлері жұмылдырылып, ерікті жастар өз үлестерін қосып келеді.