Аудан әкімі Н.Қызбергеновтің төрағалығымен аудан активінің қатысуымен маңызды жиын өтті

Басқосуға мекеме-кәсіпорын басшылары, еңбек ұжымдарының өкілдері қатысты.
Қоғамның дамуы мен мемлекеттің болашағы халықтың бірлігі мен ынтымағына байланысты. Ел ішіндегі татулық пен келісім тұрақтылықтың басты негізі болып саналады. Жиын барысында ел бірлігін нығайту және қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз ету – әрбір азаматтың ортақ міндеті екеніне назар аударылды.
Шарада қоғамдағы еңбек адамдарының рөлі мен ел болашағына деген жауапкершілік мәселелері талқыланды. Қатысушылар қаралып отырған мәселелерге байланысты өз пікірлерін білдіріп, қоғам мүддесі жолындағы белсенділікті арттырудың маңызына тоқталды.
Сондай-ақ, жиында референдум берекелі бірлік пен ырысты ынтымағымыздың тағы бір өнегелі көрінісі және нышаны болғаны айтылып, аудан тұрғындарының белсенді түрде өз азаматтық ұстанымдарын білдіруі – елдің келешегіне деген сенімнің көрінісі екені атап көрсетілді.




