ҰБТ – болашаққа бастар маңызды қадам

Қазіргі таңда білім – кез келген жас адамның өміріндегі ең маңызды құндылықтардың бірі. Әсіресе мектеп бітіруші түлектер үшін болашақ мамандықты таңдап, өмір жолын айқындауда үлкен жауапкершілік жүктеледі. Сол жауапты кезеңдердің бірі – Ұлттық бірыңғай тестілеу ҰБТ – тек білімді тексеру ғана емес, сонымен қатар оқушының болашаққа жасаған алғашқы маңызды қадамы.ҰБТ-ға дайындық тек біліммен ғана шектелмейді. Оқушының сабырлы болуы, өзіне деген сенімі мен уақытты дұрыс жоспарлай білуі де үлкен рөл атқарады. Көптеген оқушылар тест алдында қобалжиды. Бұл – қалыпты жағдай. Алайда дұрыс дайындық пен тұрақты еңбектің арқасында кез келген қиындықты жеңуге болады.
Дайындық барысында оқушылар тек пәндік білімін жетілдіріп қана қаоймай, уақытты дұрыс жоспарлауды, өзіне сенімді болуды және жауапкершілікті сезінуді үйренеді. Бұл қасеттер болашақ өмірде де үлкен рөл атқарады. Әрбір жетістік – еңбектің нәтижесі . Сол себепті ҰБТ- ға дайындық кезеңде оқушыларға ата-ана мен мұғалімдердің қолдауы ерекше мағызды екенін айтып өткім келеді. Сонымен қатар демалыс пен дұрыс тамақтану да маңызды. Себебі жақсы демалған оқушының ойлау қабілеті де жоғары болады.
ҰБТ – тек емтихан ғана емес, ол әр түлектің болашағына апарар жолдың бастауы. Сондықтан әрбір оқушы өз мүмкіндігіне сеніп, алға қойған мақсатына жету үшін табандылық танытуы қажет. Еңбек пен сенім бар жерде міндетті түрде жақсы нәтиже болады.
Қорытындылай келе, ҰБТ – өмірдегі маңызды сынақтардың бірі. Бірақ ол қорқатын емес, дайындық арқылы бағындыруға болатын мүмкіндік. Оқушыларымызға сәттілік тілеймін.
Т. Жүргенов атындағы
Жалпы білім беретін орта мектебі
Педагог-психолог: Мырзағұлова Эльмира Жеткерқызы




