Еліміздегі жаңа Конституция жобасы – бұл тек құқықтық құжат қана емес, елдің саяси жүйесін жаңғыртуға, мемлекеттік басқаруды жетілдіруге бағытталған маңызды қадам.

Конституициялық реформа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанда бір палаталы Парламент құру жөніндегі бастамасының негізінде туындады. Президент бұл идеяны 2025 жылғы 8 қыркүйекте өзінің халыққа арнаған жыл сайынғы Жолдауында елдің саяси жүйесін кешенді жаңғырту және жасанды интеллект дәуірінде Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі оң серпін беру мақсатында айтқан болатын.Адам құқықтары мен бостандықтары алғаш рет мемлекеттің негізгі басымдығы ретінде жария етілді. Бірлік пен ынтымақтастық, ұлтаралық және дінаралық келісім Қазақстан мемлекеттілігінің негізі ретінде белгіленді.Егемендік пен Тәуелсіздік, біртұтастық, аумақтық тұтастық өзгермейтін құндылықтар санатына жатқызылды. Конституцияның жаңа жобасын қолдай отырып, тәуелсіз еліміздің келешегі кемел, болашағы баянды боларына зор сенім білдіремін.

Балданов Болат – аудан ардагері