ӨМІР КӨРГЕН АҒА БУЫН РЕФЕРЕНДУМДЫ ҚОЛДАЙДЫ


Бүгін «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» коалицияның Ырғыз ауданы бойынша мұшелері Ырғыз ауылындағы “Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы” КММ-де кездесу өткізді.
Мақсат – жаңа Конституция жобасына орай 2026 жылдың 15 наурызында өтетін жалпыхалықтық референдумға қатысатын тұрғындардың арасында ақпараттық түсінік өткізу. Бұл орталықта зейнеткерлердің белсенді өмір сүруі мен қоғамнан тыс қалмауына барлық жағдай жасалған. Орталық спорттық тренажерлер, рухани демалуға қажет жабдықтармен жабдықталған.
Кездесуде конституциялық реформаны қолдау жөніндегі ақпараттық коалиция өкілдері
кездесу барысында жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары, енгізілетін өзгерістердің мәні мен маңызын түсіндірді.
Зейнеткерлердің жас ұзақтығы мен оларды қолдау, қорғауға бағытталған заң тармақтарына тоқталды. Өмірлік тәжірибелері бар зейнет жасындағы ардагерлер өз ой-пікірлерін ортаға салды. Жастарға өткен жолдарын үлгі етті. Елді науқан уақытында ауызбірлікке шақырды.