Ырғыз ауданына қарасты Қызылжар ауылдық округінің Құрылыс ауылында мобильдік қоғамдық қабылдау өтті.



Қабылдауға аудан әкімінің орынбасары, Мансап орталығының өкілдері, полиция бөлімі, партияның аудандық филиалының атқарушы хатшысы және аудандық мәслихат депутаттары қатысты.
Қабылдау барысында 30-ға жуық тұрғын өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, тиісті сала мамандарынан нақты жауаптар алды. Көтерілген мәселелердің ішінде ең өзектілерінің бірі — «Мәні» мәдениет үйінің жылу жүйесіне қатысты болды. Жер қатынастары бөлімі тарапынан келісімшарт рәсімдеу жұмыстарының уақытылы жүргізілмеуіне байланысты жоба аяқталмай қалған. Соның салдарынан мәдениет үйінің ұжымы мен ауыл тұрғындары қиындық көріп отыр.
Сонымен қатар тұрғындар тарапынан жұмысқа орналасу мәселелері де қозғалды.
Кездесу қорытындысы бойынша барлық көтерілген мәселелер бақылауға алынып, бірқатар өтініштер бойынша тиісті мекемелерге нақты тапсырмалар берілді.




