ҚСЗИ директоры: сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың басым көпшілігі Конституциялық реформаны қолдады

Тәуелсіз әлеуметтік зерттеуге қатысқан қазақстандықтардың басым көпшілігі Конституциялық реформаны қолдап отыр. Азаматтар сондай-ақ ұсынылғанөзгерістерденжеке әл-ауқаты мен жалпыөмір сүру сапасының жақсаруын күтеді. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Жандос Шаймарданов Конституциялық комиссияның кезектіотырысындахабарлады.
Жандос Шаймарданов ауқымды реформа бойынша жұмыс 2025 жылдың қазан айында басталғанын және азаматтардан тікелей кері байланыс алумен қатар жүргенін еске салды.
Мәселен,Конституциялықкомиссияныңжұмысыбасталған кезде азаматтар,заңгер-ғалымдар,сарапшылар,саясипартиялардан және үкіметтік емес ұйымдардан 2мыңнанастамбастамашылұсыныстар келіп түскен.
ҚР жаңа Конституциясы жобасының ашық жариялануы да еркін қоғамдық пікірталасқа ұласты. eOtinish платформасы арқылы өтініштер әлі де түсіп жатыр. Олардың саны 4 мыңнан асты.
«Азаматтардыңсұрақтарыменбастамаларынтұтастай алғанда үшнегізгібағыт бойынша топтастыруға болады, олар жүргізіліп жатқан реформаныңсындарлыжәнеоңқабылданып жатқанын көрсетеді»,–деп атап өтті ҚСЗИдиректоры.
Оның айтуынша, қоғамда Ата заңды қабылдау тұрғысында көзқарас өзгеріп келе жатқаны байқалады. Мәселен, азаматтардың едәуір бөлігі үшін Конституция билік органдарының өкілеттіктерін реттейтін заңды құжат ретінде ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің құндылық бағдарларын, даму принциптерін белгілейтін негіздемелік мәтін ретінде қабылданып отыр.
«Азаматтардың өтініштеріне қарасақ, оларконституциялықнормалардыңқолданбалымаңызыболады, күнделіктіөмірге,әлеуметтікәділеттіліккежәнемемлекеттікшешімдердіңсапасынаәсер етеді депкүтуде»,-дедіЖандосШаймарданов.
Олұсыныстардыңекіншітоптамасындақұқықпенәділеттіліктіңүстемдігіқағидаттарыннығайтудың,сондай-ақ институттарға деген сеніммен бәрінің заңалдындағытеңдігініңнегізіретінде «ЗаңжәнеТәртіп»тәсіліндәйекті түрде жүзеге асырудыңмаңыздылығы атап өтілгенін айтты.
«Азаматтардың едәуір бөлігі үшін Ата Заң адамның құқықтары мен бостандықтарының басымдығын қалай бекітіп, оларды қорғаудың түсінікті және бірыңғай ережелерін қалыптастыратыны шешуші мәнге ие. Конституция бұл тұрғыда жеке бас бостандығы мен ұлттық мүдделер арасындағы теңгерімді қамтамасыз ететін құрал ретінде қарастырылады», – деді ҚСЗИ директоры.
Сонымен бірге ол мүдделер теңгерімі мәселесі халықты адам құқықтары мен бостандықтары тұрғысынан ғана емес, сонымен қатар халықаралық міндеттемелер мен ұлттық заңнама тұрғысынан да толғандыратынын айтты.
«Сондай-ақ бірқатаразаматтармемлекеттіктілдіңмәртебесітуралымәселегеназараударуда.ЖаңаКонституцияжобасындақазақтілімемлекеттіктілретінденақтыбекітілген»,- деп атап өттіЖандосШаймарданов.
ҚСЗИдиректорыныңайтуынша, пікірталастыңтағыбірбағыты – мемлекетпенбілім беру жүйесініңзайырлысипатынбекіту.
«Көптеген жылдар бойы қоғамда діннің мемлекеттен институционалдық тұрғыда бөлуге деген сұраныс қалыптасты. Бұл сұранысқа жауап ретінде Конституция дінді мемлекеттен бөлуді ұсынады», – деді ол.
Жаңа Конституцияның жобасында зайырлылық ғылымға,инновацияға және адами капиталды қалыптастыруға басымдық беретін заманауи білім беру жүйесін дамытудың қажетті шарты ретінде белгіленді.
«Қоғамдық пікір»институты жариялаған әлеуметтану зерттеуі нәтижелері сауалнамаға қатысқандардың 79%-ы жүргізіліп жатқан реформаларды уақтылы деп санайтынын көрсетіп отыр.Азаматтардың едәуір бөлігі конституциялық өзгерістерді жеке әл-ауқатпен өмір сапасының жақсаруы мен тікелей байланыстырады.Респонденттердің 65%-ы ұсынылған өзгерістер олардың өміріне оң әсер ететініне сенеді»,- деді Жандос Шаймарданов.
Оның айтуынша, сауалнамаға қатысқандардың басым көпшілігі – респонденттердің78%-ы конституциялық реформаға қолдау білдірген.
«Тәуелсіз әлеуметтік зерттеу нәтижелері көрсеткендей, конституциялық реформа азаматтарды кеңінен тартуға және қоғамдық қолдауға негізделген», – деп қорытындылады ҚСЗИ директоры.




