Home›Басты ақпарат›AMANAT партиясының аудандық филиалында Саяси кеңес бюросының отырысы өтті.
AMANAT партиясының аудандық филиалында Саяси кеңес бюросының отырысы өтті.
23.12.2025, 14:27
Күн тәртібінде аудандық мәслихат депутаттарының жылдық есептері қаралды.
Отырыста әр депутат өзі сайланған округ бойынша бір жыл көлемінде атқарған жұмыстары туралы баяндап, тұрғындар тарапынан көтерілген өзекті мәселелерге тоқталды. Сонымен қатар шешімін әлі таппаған мәселелерді атап өтіп, оларды алдағы уақытта тиісті деңгейде қайта көтеріп, жүйелі түрде жұмыс жүргізілетінін жеткізді.
Мәслихат депутаттарының негізгі міндеттеріне партиялық бақылау жүргізу, қоғамдық қабылдаулар өткізу, тұрғындармен тұрақты байланыс орнату, түрлі әлеуметтік және қоғамдық іс-шараларға қатысу, партияның платформасы мен ұстанымдарын халыққа түсіндіру, партияның сайлауалды бағдарламасындағы Жол картасының орындалуын қадағалау, сондай-ақ бюджет қаражатын тиімді әрі дұрыс жоспарлау, оның мақсатты әрі ашық жұмсалуына бақылау жасау кіретіні атап өтілді.
Алдағы кезеңде депутаттар бекітілген жоспарға сәйкес, көтерілген мәселелерді кезең-кезеңімен шешу, оларды тұрақты бақылауда ұстау және атқарылған жұмыстар бойынша халық алдында есеп беруді жүйелі түрде жалғастыруға ниетті екендерін білдірді. Бұл жұмыстар тұрғындардың сенімін арттыруға, партия мен халық арасындағы байланысты нығайтуға бағытталмақ.
Отырыс қорытындысы бойынша депутаттардың жауапкершілігін күшейту, жоспарлы әрі нәтижелі жұмыс жүргізу қажеттігі айтылып, алдағы жылға нақты міндеттер белгіленді.