Қазақстандық мемлекеттік қызметшілер қанша сый-сияпатты мемлекетке қайтарды

2024 жылдың 9 айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдаған мемлекеттік қызметшілер мен басқа да тұлғалар мемлекеттік мүлік құрамына 178 сыйлықты өтеусіз негізде тапсырды, олардың болжамды құны 1 444,87 мың теңгені құраған. Одан бөлек, жыл басынан бері мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменттері 712,56 мың теңгеге 88 сыйлықты аукционда сатқан.