«Ақтөбе жастары» тұрғын үй бағдарламасының үміткерлері анықталды

⚡️Биылғы жылдың 12-26 тамыз аралығында «Ақтөбе жастары» тұрғын үй бағдарламасына қатысуға құжаттар қабылданды.  Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мақсатында өтініш иелері құжаттарын электронды форматта https://eaqtobe.kz/ платформасы арқылы жолдады.   📝Келіп түскен 1834 өтінімнің ішінде 1226 өтінімге теріс шешім берілді. Себеп – құжаттар толық емес немесе бағдарлама шарттарына сәйкес келмейді.   Ал 608 өтінімге іріктеу комиссиясымен бағалау жүргізілді. Оның ішінде 1-70 үміткерлер – негізгі тізімге, 71-168 үміткерлер – қосалқы тізімге енгізілді. Айтып өтерлігі, негізгі тізімге енген үміткерлердің кейбірі төлем қабілеттілігін растай алмаса, қосалқы тізімдегі өтініш берушіге мүмкіндік беріледі.