Қазақстанда 1500-ден астам ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті

 

Қазақстанның әр өңірінде жәрмеңкелер маусымы басталғалы 1500-ден астам ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңкелерге миллионнан астам қазақстандық келді. Жәрмеңкелер сауданың ең танымал және сұранысқа ие форматтарының бірі. Онда жергілікті тауар өндірушілердің өнімдері толық сатылып, бағалар нарықтағы деңгейден айтарлықтай төмен ұсынылады.

Тек 17–18 мамыр күндері ел аумағында өткен жәрмеңкелерде шамамен 200 тонна ет сатылды. Ең көп сиыр еті Алматы қаласында (45 тонна), Ақтөбе облысында (21 тонна) және Павлодар облысында (12,3 тонна) сатылды. Жалпы алғанда, наурыз бен мамыр айлары аралығында өңірлердегі жәрмеңкелер арқылы 1782 тоннадан астам сиыр еті саудаланған.

Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, өткен аптада ӘМАТ бағасының индексі 0,3%-ды құрады, бұл көрсеткіш алдыңғы аптамен салыстырғанда өзгеріссіз қалды.

Бағаның төмендеуі бес тауар позициясы бойынша тіркелді: қырыққабат – 2,8%-ға, күріш пен жұмыртқа – 0,3%-ға, рожки мен сүзбе – 0,1%-ға арзандады. Күнбағыс майы, тауық еті, макарон және ұн бағасы тұрақты. Ал он түрлі тауарда бағаның аздаған өсуі байқалды.

Бағаны тұрақтандырудың негізгі құралдарының бірі – ӘМАТ-қа сауда үстемесін мемлекеттік бақылау. Жыл басынан бері ҚР Сауда және интеграция министрлігінің аумақтық департаменттері 1655 әкімшілік құқықбұзушылық туралы қаулы шығарды. Оның ішінде 465 айыппұл (24,9 млн теңге көлемінде) салынып, 1190 ескерту берілді. Әкімшілік құқықбұзушылықтар кодексінің 204-4-бабы бойынша (ӘМАТ-қа 15%-дан жоғары сауда үстемесін қолдану) 1470 қаулы шығарылып, 282 айыппұл (18,3 млн теңге көлемінде) салынды, 1188 ескерту берілді.

Сонымен қатар, делдалдық схемаларды анықтап, олардың жолын кесу бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Жыл басынан бастап өңірлік комиссиялар 366 отырыс өткізіп, олардың барысында сауда тізбегінде 1331 тиімсіз делдал мен шектен тыс сауда үстемесінің фактілері анықталды. Нәтижесінде 1241 әкімшілік қаулы шығарылып, 90 делдал сауда тізбегінен шығарылды.

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі