АБАЙЛАҢЫЗ, АЛАЯҚТАР!!!

Алаяқтық бүгінгі күні ең көп таралған қылмыстардың бірі болып саналады. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабында көзделгендей,алаяқтық – бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлікке құқықты иемдену.

Қазіргі заманғы техникалық құралдар қылмыскерлердің қолданатын  алаяқтықтың түрлерін айтарлықтай өзгертті. Интернеттегі алаяқтықтың ең көп таралған тәсілі –«фишинг». Оның көмегімен алаяқтар пайдаланушыдан деректерді алады, содан кейін оларды өз мақсаттары үшін пайдаланады.

Интернет алаяқтарынан сақтану үшін келесі кеңестерді ұсынамыз:

– Интернет жүйесі арқылы келген сілтеме бойынша өткен кезде мекенжай жолына, яғни доменнің дұрыстығына, акция жүргізетін ұйымның не компанияның ресми атауындағы артық символдарға назар аудару керек;

– Әлеуметтік желілердегі өз профиліңіздің дербестігін баптауларда байланыс деректерін (қызметтік және жеке телефон нөмірі) көпшіліккеқолжетімді етпеген дұрыс. Мобильдік нөмірді (бизнес-аккаунт) көрсету қажет болған жағдайда, жеке және жұмыс нөмірлерін бөлу қажет, яғни жеке нөмірді туыстармен және жақындармен байланысу үшін ғана пайдаланған дұрыс;

– Есептік деректеріңізді үнемі тексеріп, көп факторлы аутентификация пайдаланатын сенімді парольдерді қолданыңыз;

– Браузерде, операциялық жүйеде және  мобильдік құрылғыларда пайда болатын түрлі терезелер мен хабарламаларға қатысты абай болыңыздар;

– Банк картаңыздың деректерін сақтап, картаның сыртқы жағындағы 3 санды CVV/CVC –кодын ешкімге айтпаңыз. Сондай-ақ, банктен келіп түсетін SMS– кодты ешбір жағдайда бейтаныс жандарға хабарламаңыз;

– Интернетке қол жеткізудің ашық қоғамдық Wi-Fi –нүктелеріне сенбеңіз, сонымен қатар өз аутентификациялық деректеріңізді қорғалмаған сымсыз желілер арқылы енгізбеуге тырысыңыз;

– Алаяқтардың телефон бойынша талаптарын орындамаңыз, ал егер Сіз интернет-алаяқтардың құрбаны болсаңыз ең жақын полиция бөліміне немесе 102 телефоны арқылы дереу жүгініңіз;

– Жеке деректерді, жеке куәлік деректерін, банк карталарының деректерін және т.б. мәліметтерді қамтитын құжаттарыңыздың көшірмелерімен банк картасының суретін ешкімге жібермеңіз;

– Балаларыңыздың қандайда болмасын сілтемелер арқылы кіретін құмар ойындардан алшақ ұстап, қолындағы ұялы байланыс құралдарын бақылауға алған жөн.

WhatsApp әлеуметтік желісі арқылы жасалатын алаяқтық деректері қазіргі таңда алаяқтар үшін ыңғайлы тәсілдердің бірі болып табылады. Сол себепті өзіңіздің қолданысыңыздағы WhatsApp желісіне алаяқтардың иемденуіне жол бермеу қажет. Ол үшін өзіңізге жіберілген сілтемедерге мән бермеген дұрыс. Интернеттегі тағы бір қауіп-жасырын ақылы жазылымдар.

Көптеген алаяқтар немесе жосықсыз ұйымдар пайдаланушыларды жазылымдар жасауға итермелейді, осылайша пайдаланушы бұл туралы өз шотынан үнемі ақша есептен шығарылғанын анықтаған кезде ғана біледі. Кейде веб-сайтты жасаушылар бұл құсбелгіні экранның әрең ажыратуға немесе тіпті жасыруға мүмкіндік береді.

Интернеттегі алаяқтардан басқа, тағы бір қауіпті топ бар – телефон алаяқтары. Олар өздерін кез-келген адам ретінде көрсете алады: полиция, банк қызметкері немесе жақын туысының атынан SMS хат жолдауы мүмкін. Олар сондай-ақ, деректерді ұрлау үшін түрлі әдістерді қолданады.

Асығыс шешім қабылдауға болмайтынын есте сақтаңыз. Алаяқтар жәбірленушіден  дәл осы уақытта шешім қабылдауды талап етуі мүмкін. Олар асығыс немеседүрбелең сәтінде адам қырағылығын жоғалтады және ақша аударуға дайын болады деп санайды. Бұл жағдайда сіз: «Мен қазір бәрін тексеріп, сізге қайта қоңырау шаламын» немесе «5-10 минуттан кейін маған қайта қоңырау шалыңыз, маған ойлануға уақыт керек» деп жауап беріңіз. Әдетте бұл уақыт адамға алаяқтарды тануға, ақпаратты тексеруге және қателіктер жібермеуге жеткілікті.

SMS-тен сілтемелерді басуға және белгісіз нөмірден келген файлдарды жүктеуге болмайтынын ескеріңіз. Мұндай файл немесе сілтеме құрылғыға вирусты орната алады немесе телефон иесінің барлық деректерін алаяқтардың қолына жібере алады.

Біздің ауданымыздың барлық азаматтарына қырағы болуға және өздерінің жеке деректерін үшінші тұлғаларға хабарламауға интернет алаяқтардың тарапынан өзіне қауіп төндірмеу үшін бөгде адамдарға тиісті тексерусіз ақша жібермеуге ұсынылады.

Сақ болыңыздар!!!

 

Ырғыз ауданы ПБ Криминалдық полиция тобы