Аудан әкімі Н.Қызбергеновтің аудан тұрғындарын 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы

Құрметті жерлестер!

 Баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Халық даналығында «Бірлік түбі – береке» деген нақыл сөз бар. Біздің жеткен жетістіктеріміздің түп қазығы татулық пен бірлігімізде.

Бейбітшілік пен тұрақтылық және ұлтаралық келісім – мемлекетіміздің ең басты негізі, рухани байлығы. Бұл күн әрбір қазақстандық үшін Отанға сүйіспеншілік сезімнің, азаматтық борыш пен жалпыұлттық бірліктің мерекесі. Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық біздің ең маңызды байлығымыз болғандықтан, бұл жетістікті бағалап, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету – әрбір Қазақстан азаматының міндеті.

Ардақты ағайын!

Осынау жарқын мерекемен шын жүректен құттықтай отырып, елдегі татулық пен ынтымағымыз бекем болсын деп тілеймін.

Мерейлі мерекеде шын жүректен баршаңызға бақ-береке, ашық аспан, отбасыларыңызға амандық, кемел келешегімізді нығайтудағы еңбектеріңізге табыс тілеймін!