Тәуелсіздігі тұрақты, бірлігі бекем, ынтымағы жарасқан…

Елордадағы Тәуелсіздік сарайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті ХХХІV сессиясы өтті.

Сессияда тәуелсіз Қазақстанның үш онжылдықтағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты, этносаралық татулықты сақтау және дамыту жолындағы жетістіктері мен тәжірибесі кеңінен талқыланды. азақстан халқы  Ассамблеясының ел бірлігін нығайтудағы рөліне ерекше көңіл бөлінді.

Сонымен қатар жиында Ассамблеяның 30 жылдығы аясында атқарылып жатқан жұмыстар мен оған қоғамның кеңінен атсалысуы айтылды. Кеңес қатысушылары Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жыл ішіндегі этносаралық бірлік пен келісімді нығайтуға қосқан үлесін, «Әралуандықтағы бірлік…», «Біз әртүрліміз — бірақ теңбіз!» қағидаттарын қоғамда сақтау мен ілгерілетудің маңызын ерекше атап өтті.

Мен мәдениет саласының қызметкері ретінде еліміздегі саяси тұрақтылықты, халқымыздың бірлігін қашан да қолдаймын.

 Ләззат Жеткергенқызы Артықбаева,

 «Арай» мәдениет үйінің фольклор жетекшісі