Алғаш рет Ұлттық кітап күні алалып өтілді

Ұлттық Құрылтайдың отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен 23 сәуір – “Ұлттық кітап күні”болып жарияланды. Ырғыздықтар да ел болып алғаш рет мерекелеген бұл күнді атап өтті.

Арайлым ҚАСЫМ
@araikassym

Ырғыз аудандық орталық кітапханасының оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі “Бір апта-бір әлем: Кітаптар мерекесі” атты кеш өткізді.

Мерекелік кеште ардагер ұстаз Б.Балданов пен ҚР Журналистер Одағының мүшесі М.Мырзалы құттықтау сөз сөйлеп, жас оқырмандарды кітап оқитын ұлт болуға шақырды.

Мерекеде кітапхана оқырмандары Ә.Жағыпар, А.Темірбекқызы күй шертіп, Н.Амангелдіқызы мен А.Нысан ақындардың жырын жатқа оқыды. Кеште оқырмандармен “Кім жылдам” сергіту сәті, “Ойлан тап” ойыны ойнатылды.

Сонымен қатар аудандық кітапхананың “Ұлттық Кітап Күніне” орай ұйымдастырған барлық шараларына шолу жасалды. Мерекелік кеште ардагер ұстаз Б.Балданов кітапхана қорына жеке кітаптар жинағын тарту етті.