Ырғыз жастары қаржылық сауатын арттырды

24 сәуір күні ауданға, жастар ресурстық орталығының шақыртуымен,  “ҚаржыMAN” жобасының авторы – Жоламан Асанұлы келіп, жастарға арналған “Қаржылық сауаттылық” семинар-тренингін өткізді. Бұл туралы аудандық жастар ресурстық орталығы хабарлады.

Арайлым ҚАСЫМ

@araikassym

Түске дейін мектептің жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізсе, түстен кейін жастарға арналған семинар өткізді. Жоламан Асанұлы қатысушыларға қаржы әлемінің негіздері: жеке бюджет жүргізу, табыс пен шығынды дұрыс жоспарлау, үнемдеу, инвестициялау және қаржылық мақсаттар қою сынды өзекті тақырыптар бойынша құнды ақпараттарды түсіндірді. Тренинг барысында жастар да белсенділік танытып, көкейде жүрген сұрақтарына жауап алды. Өмірлік мысалдар мен мотивациялық кеңестер де айтылды.