ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80-ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА ОРАЙ «АБЫРОЙ» ҰЛТТЫҚ СЫЙЛЫҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПАТРИОТТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕСІ

«Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы және «Жаңа Қазақстан»    Республикалық    инновациялық     орталығының    ұйымдастыруымен    өтетін

«АБЫРОЙ» ҰЛТТЫҚ СЫЙЛЫҒЫ атты республикалық байқауына барлық сала өкілдерін қатысуға шақырамыз!

 

Іс-шараның мақсаты:

Мемлекет басшысы «Ana tili» газетіне берген сұхбатында: «Мен Ұлттық құрылтайдың Атыраудағы отырысында Жеңістің мерейлі белесін атап өтуге дайындалу қажеттігін айттым. Сол кезде жариялаған бастамаларым қазірдің өзінде жүзеге асты.

Жеңісті мерекелеуге арналған жоспарда көптеген іс-шара қамтылған. Оның ең бастысы – Астанада өтетін әскери шеру. Соғыс және тыл ардагерлеріне құрмет көрсетіледі, ешкім де елеусіз қалмайды. Концерттер мен көрмелер өтеді, деректі фильмдер мен бағдарламалар түсіріледі, тарихи кітаптар мен фотоальбомдар шығарылады. Жауынгерлеріміздің есімін ел жадында сақтау үшін зерттеу жұмыс­тары жалғаса береді. Б.Момышұлының – 115, М.Ғабдуллиннің – 110, Ә.Молдағұлованың 100 жылдығы салтанатты іс-шаралар тізіміне кіреді», – деп атап өтті.

Осы ретте, іс-шараның мақсаты – Мемлекет басшысының бастамаларын қолдау және тәуелсіздіктің баянды болуы үшін ұлттық бірегейлік пен бірліктің маңыздылығын қоғамға дәріптеу. Тәуелсіздік жылдары өз мамандығының хас шебері атанып, еліміздің дамуына үлес қосып жүрген азаматтарды қоғамда кеңінен насихаттау, жастарға үлгі ету.

 

Республикалық байқау қатысушылары:

Қазақстан Республикасының еңбек нарығында кемінде 10 жыл еңбек өтілі бар, ұжымында белсенді, абыройлы, өзінің парасаттылығымен жас буынға үлгі өнеге көрсетіп жүрген тұлғалар.

Байқаудың шарттары:

Байқау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең бойынша қатысушы өзі жайлы жазылған

2 беттен артық емес өмірбаянын (14 кегл, Times New Roman), марапаттау парағын (наградной лист), өтініш кестесін толтырып бірге жіберу қажет. Сондай- ақ өмірбаяндағы жеткен жетістіктерін растайтын құжат көшірмелері (мыс.: алынған алғыс хат, сертификат, куәлік және т.б.) қоса тіркелуі тиіс.

Құжаттар  2025  жылдың  мамыр  айының  10-на  дейін  astana-20n@mail.ru

электронды мекен-жайына немесе WhatsApp: +7 707 410 13 24 номеріне жолдау қажет.

 

Байқау қатысушыларына табысталады:

  • «АБЫРОЙ» ҰЛТТЫҚ СЫЙЛЫҒЫ төсбелгісі;
  • «АБЫРОЙ» ҰЛТТЫҚ СЫЙЛЫҒЫ статуэткасы;
  • Куəлік;
  • Құрмет грамотасы;
  • Қатысушыға қолдау көрсеткені үшін мекеме басшысының атына Алғыс хат табысталады.

 

Байқаудың марапаттау рəсімі Астана қаласында конференция түрінде 4 маусымда өтеді. Қорытынды конференция бағдарламасы іріктеліп алынған қатысушыларға жіберіледі. Қорытынды конференция барысында елімізге белгілі тұлғалардың қолынан төсбелгі және тағы басқа марапаттар табыс етіледі.

 

 

Ұйымдастыру алқасының сайты: https://bilim-ork.kz/

Инстаграм парақшасы: @bilim_orkeniety

Ұйымдастыру алқасы:

+7 707 410 13 24, +7 747 702 52 62, 8778-742-74-40,

+7 778 742 74 40

ӨТІНІШ КЕСТЕСІ

 

Қатысушының тегі, аты-жөні  
Облыс, қала, аудан, село (ауыл) атауы  
Қызмет орны атауы, лауазымы  
Еңбек өтілі  
Байқау атауы «АБЫРОЙ» ҰЛТТЫҚ СЫЙЛЫҒЫ
Телефон, ұялы, е-mail.ru  
Сапалы түрлі-түсті ¾ фото  
Мекен-жайы, жергілікті казпочтаның

индекс номері