Ауыл тазалығы – баршаға ортақ  

Жылдағы дәстүр бойынша көктем мезгілі келісімен әр ауылдың ажарын ашатын тазалық жұмыстары жүргізіліп, өзге де іс-шаралар жүзеге асырылуда. Осы орайда біз тұратын және жұмыс жасайтын жерлеріміздің тазалығы мен тәртібі әрқайсысымызға байланысты екенін бәріміз білеміз.

Дегенмен де, көңілге кірбің ұялататын тұстар әлі де жетерлік. Күнделікті көшелерден көріп жүргеніміздей, ауылдың кейбір көшелерінде тұрмыстық қалдықтардың келесі сенбілік жұмыстарына дейін шашылып жататыны жасырын емес.

Әрине, көше тазалығы өзгенің міндеті шығар, бірақ туған елдің игілігі жолындағы тазалық сынды ортақ мәселелерден тыс қалмасақ екен дейміз ағайын.  Өзің тұрған аулаңның тазалығымен қатар, тұрып жатқан көшеңнің тазалығына жанашырлықпен қарап, көпщілікке үлгі болсақ ғана тазалыққа үлкен үлесімізді қосқан болар едік.

Сонымен қатар, дүкендер мен мейрамханалар сынды кәсіпкерлік нысандарының қожайындары да тазалық пен мәдениетке талаппен қарап, ауылымыздың абаттануы мен тазалығына үлестерін қосса нұр үстіне нұр болар еді. «Ауылына қарап азаматын таны!» дейді дана халқымыз.  Сайып келгенде, ауылдың тазалығы – денсаулықтың кепілі ғана емес, мәдениетіміздің көрінісі.  Ауыл тазалығы –  баршаға ортақ.
Сондықтан да , әр тұрғын өздерінің үй-жайының тазалығымен қатар, өзі тұрып жатырған көше тазалығына да көңіл бөліп, көршілеріне үлгі болса тазалық мәселесіне қосқан үлесі болар еді.  Әр адам әр сенбілік жұмыстарына   атсалысса, тазалыққа деген жауапкершілігі арта түсер еді. Ауданымыздағы тазалыққа бағытталған бұл науқандық жұмысқа ұйымшылдықпен жұмыла атсалысу – әрбір ауыл тұрғынының міндеті.

Ауыл тұрғындарын көшеде, аулаларыңызда тазалық сақтауға шақырамыз!