Заң және тәртіп: Тұрақтылықтың негізі

Қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздіктің басты кепілі – заң үстемдігі мен құқықтық тәртіптің сақталуы. Кез келген дамыған мемлекеттің негізінде осы идеология жатыр. Заңсыздық жайлаған жерде хаос орнап, азаматтардың құқығы қорғалмайтыны сөзсіз. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Заң мен тәртіп» қағидаты – шын мәнінде кемел демократияның тірегі, құқықтық мемлекеттің негізі екенін атап өтті.
Расында, заң – қоғамның дамуын реттейтін басты құрал. Ол әрбір азаматтың бостандығын қамтамасыз етіп қана қоймай, мемлекеттің институттарын нығайтады. Ал тәртіп – осы заңдардың орындалуын қамтамасыз ететін механизм. Егер қоғамда құқықтық мәдениет қалыптаспаған болса, онда ең мықты заңдардың өзі қағаз жүзінде ғана қалып қоюы мүмкін.
Бүгінгі таңда заң мен тәртіп идеологемасы жаһандық сын-қатерлер жағдайында ерекше маңызға ие. Мемлекеттің дамуы үшін құқықтық жүйенің мықты болуы ғана емес, оны қоғамның барлық мүшелерінің ұстануы да маңызды. Тәртіпке бағынған ел ғана тұрақты әрі әділетті қоғам құра алады.
Айтбай Бейсенбайұлы, аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы